Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Талғарда мейрамхана ғимаратында өрт шықты

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында мейрамхана ғимаратында өрт шығып, 460 шаршы метр аумақты шарпыды.

Талғарда мейрамхана ғимаратында өрт шықты
Сурет: aikyn.kz

Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында Тлендиев көшесіндегі мейрамхана ғимаратында өрт болды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ғимараттың барлық аумағын ашық жалын шарпыған. ТЖМ күштері мен құралдары шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді.

Өрт сөндірушілер келген кезде мейрамханада келушілер болмаған. Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері ғимараттан көлемі 50 және 27 литр болатын екі газ баллонын және көлемі 50 литр болатын бір оттегі баллонын алып шықты.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында өрттің көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Өрт аумағы 460 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіру жұмыстары жоғары өрт жүктемесіне және оттың тез таралуына байланысты күрделі жағдайда жүргізілді.

Өртті сөндіруге ТЖМ-нің шамамен 50 қызметкері мен 20 бірлік техникасы, сондай-ақ «Ауыл құтқарушылары» еріктілері жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.