Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 тамыз 2026, дүйсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

СҚО-дағы Тайынша ауданында 15 гектар дала өрті толық сөндірілді

СҚО Тайынша ауданындағы дала өрті толық сөндірілді. 15 гектар аумақ зардап шекті, елді мекендерге қауіп төнген жоқ.

СҚО-дағы Тайынша ауданында 15 гектар дала өрті толық сөндірілді
Сурет: baq.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында дала өрті сөндірілді. Жанадаур ауылының маңындағы құрғақ өсімдіктердің жануына СҚО және Ақмола облыстарының ТЖД күштері, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік орман шаруашылығының мамандары жұмылдырылды.

Өртті сөндіруге өрт сөндіру бөлімшелерімен қатар жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасы тартылды. Өрттің таралуына жол бермеу үшін аумақ жыртылды.

Өртті сөндіру жұмыстары қалың құрғақ өсімдіктер мен қатты желге байланысты күрделенген. Дегенмен, барлық қызметтердің үйлесімді әрекеті нәтижесінде өрт жедел оқшауланып, толық сөндірілді. Жағдайды бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

Өрттің жалпы аумағы 15 гектарды құрады. Елді мекендер мен орман алқаптарына қауіп төнген жоқ. Аумақты тексеру барысында ашық жану ошақтары анықталмады. Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауда.

https://t.me/soltustkqaz_tjd/17144