Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
21 қазан 2026, сәрсенбі USD 450,7 EUR 505,0 RUB 5,45 CNY 67,5 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Шымкенттегі Гран-при: қазақстандық атқыштар төрт медаль жеңіп алды

Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан Гран-при кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы төрт медаль жеңіп алды: екі алтын, бір күміс және бір қола.

Шымкенттегі Гран-при: қазақстандық атқыштар төрт медаль жеңіп алды
Сурет: aikyn.kz

Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан Гран-при кезеңі жалғасып жатыр. Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан ұлттық құрамасы турнир аясында нысана көздеуден екі алтын, бір күміс және бір қола медальға қол жеткізді.

Ересектер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден Кирилл Цуканов 244.4 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында дәл осы сайыста Ирина Юнусметова 242,5 ұпаймен алтын тұғырға көтерілді.

Жасөспірім қыздар арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен нысана көздеуден Алисса Краденова 232.1 ұпаймен күміс медальға қол жеткізді. Ұлдар арасында Руслан Ершов 213.9 ұпаймен үшінші орынға жайғасып, қола жүлдеге ие болды.