Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Шымкентте 40 отбасы жалдамалы пәтер кілтін алды

Шымкентте 40 отбасы кейіннен сатып алу мүмкіндігімен жалдамалы пәтер кілтін алды. Жаңа үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан.

Шымкентте 40 отбасы жалдамалы пәтер кілтін алды

Шымкентте кейіннен сатып алу құқығымен берілетін жалдамалы баспана бағдарламасы аясында тағы 40 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды. Кілт табыстау салтанатына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Жаңа баспанаға мұқтаж азаматтарға пәтерлер Бозарық шағынауданындағы көпқабатты үйлерден берілді. Бұл үйлер қажетті инженерлік коммуникациялармен және инфрақұрылым нысандарымен толық жабдықталған.

Пәтер алғандардың қатарында мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Тұрғын үйлер жалдау ақысын төлеп, кейіннен меншікке өткізу мүмкіндігін қарастыратын тетік аясында табысталды. Бұл формат отбасыларға қолжетімді жалдау ақысы арқылы болашақта өз баспанасына ие болуға мүмкіндік береді.