Шымкентте 40 отбасы сатып алу құқығымен жалға берілетін баспанаға ие болды
Шымкентте 40 отбасы сатып алу құқығымен жалға берілетін баспанаға ие болды. Пәтерлер Бозарық шағынауданында орналасқан.
Шымкент қаласында баспана кезегінде тұрған 40 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, баспана иелерін құттықтады.
Пәтерлер сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана бағдарламасы аясында ұсынылды. Жаңа пәтер иелерінің қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Бозарық шағынауданындағы жаңа көп қабатты үйлер инженерлік желілерге қосылған және қажет инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Бағдарламаға қатысушылар үшін жалға берілген пәтерді кейіннен сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Пәтерлерді беру және тиісті құжаттарды рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.



