Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +16° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕК КҮТТІРІМЕЙТІН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала бюджеті 868 млрд теңгеден 893 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕК КҮТТІРІМЕЙТІН МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шымкент қаласы мегаполис болғалы бюджет көлемін ұлғайту мәселксі өзекті болатын. Бұл еліміздегі басқа екі мегаполиспен салыстырғанда едәуір айырмашылық бар.

Бүгін қалалық мәслихатының кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға қала әкімі, депутаттар, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты. Отырыс ашық форматта өтіп, онлайн-трансляция ұйымдастырылды.

Сессияда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алты мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, Шымкент қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті нақтыланды. Бюджет көлемі 868 млрд теңгеден 893 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл басым бағыттарды қаржыландыруға және жоспарланған жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, депутаттар толық аяқталып, пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының тізбесін бекітті. Құжат жобалау жұмыстарынан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.

Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.

Күн тәртібі аясында «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітіліп, «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, қала әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселе бұған дейін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында қаралып, депутаттар ұсынылған шешім жобаларын жан-жақты талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ескертулер ескерілді.

Сессия соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаралған мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, депутаттарға сындарлы қолдауы мен нәтижелі өзара іс-қимылы үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар қаланы одан әрі дамыту жолында бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.