Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Шымкентте 180 тұрғынның өтініші қаралды

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков 180 тұрғынның өтінішін қарап, әр мәселе бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Шымкентте 180 тұрғынның өтініші қаралды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері мен басқарма басшыларының қатысуымен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Іс-шара барысында 180 азаматтың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалды.

Тұрғындардың өтініштері негізінен үймен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік жұмысы, білім беру, энергетика және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне қатысты болды. Әрбір өтініш бойынша түсіндірмелер беріліп, қосымша пысықтауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

Қабылдау қорытындысы бойынша қала әкімі барлық өтініштің сапалы қаралуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ алдағы шешімдер қабылдау кезінде тұрғындардың ұсыныстары мен бастамаларын ескеруді тапсырды.