Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Швецияда қылмыстық жауапкершілік жасы 14 жасқа дейін төмендетілді

Швецияда қылмыстық жауапкершілік жасы 14 жасқа дейін төмендетілді
Сурет: baq.kz

Швеция парламенті ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері бойынша қылмыстық жауапкершілік жасын 14 жасқа дейін төмендететін заң жобасын қабылдады. Дауыс беру барысында 281 депутат қолдап, 66 депутат қарсы шықты.

Бастапқыда үкімет бұл шекті 13 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. Алайда парламенттегі талқылау нәтижесінде 14 жас деп белгіленді.

Жаңа ереже күшіне енген соң, 14 жастағы жасөспірімдер ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Швецияның Түрме және пробация қызметіне 2025 жылдың қазан айында 14 жастағы сотталғандарға арналған арнайы бөлімшелер дайындау тапсырылған. Бұл мекемелер балалардың жасы мен қажеттіліктеріне бейімделуі тиіс. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар жазасын ересектермен бірге өтемейтіні көзделген.

Парламент отырысында көші-қон саясатына қатысты өзгерістер де мақұлданды. Отбасын біріктіру талаптары күшейтіледі: тұрақты тұруға рұқсаты бар азамат отбасы мүшелерін шақыру үшін кемінде екі жыл күтуі қажет. Сонымен қатар билік мигранттардың табыс деңгейіне қойылатын талаптардың орындалуын тексереді.