Шудағы Тасөткелде балықшы қайығының қозғалтқышы істен шығып, құтқарушылар көмекке келді
Шу ауданындағы Тасөткел су айдынында балықшының қайығы істен шығып, құтқарушылар оны аман-есен жағаға жеткізді.
Шу ауданындағы Тасөткел су айдынында профилактикалық жұмыстар жүріп жатқанда, құтқарушыларға балықшының достарынан хабарлама келді. Олар жағадан 3-4 шақырым қашықтықта қайықтың қозғалтқышы істен шығып, ер адамның суда қалып, көмекке мұқтаж екенін хабарлаған.
Құтқарушылар оқиға орнына қайықпен жетіп, балықшының резеңке қайығын сүйреп, оны жағаға аман-есен жеткізді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
ТЖМ суға шығар алдында жүзу құралы мен қозғалтқыштың жарамдылығын тексеруді, құтқару кеудешесі мен байланыс құралдарын алуды және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.




