ШҚО-да түнгі жер сілкінісі тіркелді
Бүгін Астана уақытымен сағат 23:08-де Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Жер дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 875 шақырым жерде орналасқан. Ошақтың координаттары: солтүстік ендіктің 49.167°, шығыс бойлықтың 84.417°.
Есептік қарқындылығы ШҚО-дағы Үлкен-Нарын ауылында 2 балды құрады.




