Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Семей тас жолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

Семей тас жолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Сурет: baq.kz

Курчатов – Семей тас жолының 35-шақырымында Chevrolet Nexia мен Kia Rio көліктері бетпе-бет соқтығысып, салдарынан төрт адам қаза тапты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Chevrolet Nexia жүргізушісі алдында келе жатқан көлікті басып озуға тырысып, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Осы кезде қарсы бағытта келе жатқан Kia Rio-мен соқтығысқан.

Полиция екі және одан да көп адамның қазасына әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Абай облыстық ТЖД мәліметінше, қаза тапқан төрт адамның екеуі Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері болған. Ведомство қызметтік тергеу бастағанын және марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.