Сауранбаев Канада Көлік министрлігінің өкілімен авиация саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Астанада өтіп жатқан ИКАО авиациялық қауіпсіздік апталығы (ICAO Security Week 2026) аясында Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Канаданың Көлік министрлігінің өкілі Лиза Сетлаквемен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, әуежайлар қызметін реттеу және шағын авиацияны дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және азаматтық авиация саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін білдірді.




