Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Сарапшы: Әлеуметтік желідегі еркіндік жауапкершілікті талап етеді

Саясаттанушы Мақсат Жақау әлеуметтік желідегі еркіндік жауапкершілікпен қатар жүруі керектігін айтты.

Сарапшы: Әлеуметтік желідегі еркіндік жауапкершілікті талап етеді
Сурет: inform.kz

Қазақстандықтардың 96 пайызы әлеуметтік желілерді тұрақты қолданып, ақпарат алады. Бұл туралы саясаттанушы Мақсат Жақау мәлімдеді.

Цифрлық платформалар қоғамның әртүрлі салаларына мүмкіндіктер ашқанымен, интернеттегі еркіндік жауапкершілікпен қатар жүруі шарт.

— Әлеуметтік желіде әр адамның құқығы мен ар-намысы сақталуға тиіс. Цифрлық ортада өзара құрмет пен сыйластық қағидаттары маңызды, — деді сарапшы.

Сонымен қатар Мақсат Жақау ұлттық құндылықтарға және балалардың қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін контентке қатысты тиісті шектеулердің маңызын атап өтті.

Оның пікірінше, әлеуметтік желідегі еркіндік пен сөз бостандығы қоғам алдындағы жауапкершілікпен үйлесуі қажет.

Бұған дейін жазушы әрі саясаттанушы Бақытжан Бұқарбай әлеуметтік желілердегі адам қайғысын жария түрде көрсету мен оны табыс табу құралына айналдыру қоғамға кері әсер етіп жатқанын айтқан еді.

https://t.me/onlinemarathon2026/3652