Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Сән подиумынан әскери сапқа: модель сарбаз атанды

Сән әлемінде танылған Шыңғыс Таңатпаев қазір Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп, Қарағандыда қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып жүр.

Сән подиумынан әскери сапқа: модель сарбаз атанды

Бұрын әлемдік брендтердің киімдерін көрсетіп, сән әлемінде танылған жігіт бүгінде әскери киім киіп, Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Шыңғыс Таңатпаев модельдік мансабын 17 жасында бастаған.

Бойы мен келбеті оны халықаралық подиумдарға алып шыққан. Ол Францияның Pierre Cardin сән үйінің, Италияның Federico Barrazzo және Sauvage Multi брендтерінің киімдерін көрсетіп, әлемнің түрлі елдерін аралаған.

Қазір ол әскер қатарында, подиумдағы қадамын әскери жүріске ауыстырған. Модельдік өнер мен әскери қызмет бір-бірінен алшақ көрінгенімен, екеуіне де тәртіп пен жинақылық тән. Подиумда еркін әрі сенімді болу керек болса, әскери қызметте әр қимылға жауапкершілікпен қарап, тапсырманы дәл орындау маңызды.

Сарбаз қазір Қарағанды қаласының қоғамдық қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып жүр. Күн сайын әскери міндетін атқарып, бұқаралық іс-шаралар мен адам көп жиналатын жерлерде тәртіпті қадағалайды.

Қызмет барысында тұрғындармен тікелей байланысып, көмек көрсетуге де атсалысады. Ата-анасынан адасып қалған балаларды тауып, жақындарына табыстау, жоғалған бағалы заттарды қайтару сияқты жағдайларда көмектескен кездері бар.

Бүгінде 7 мыңнан астам ұландық күн сайын елдің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді. Ал шахтерлер қаласында бұл қызметке күніне 250-ден астам сарбаз жұмылдырылады.