Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында Наоми Осаканы жеңіп, жартылай финалға шықты. Ол Коко Гауффпен кездеседі.

Рыбакина Торонтодағы WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты
Сурет: baq.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық спортшы турнирде екінші нөмірмен тіркелген болатын.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің 13-ракеткасы жапониялық Наоми Осакамен кездесті. Матч үш сетке созылып, тартысты өтті. Қорытынды есеп 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 — Еленаның пайдасына шешілді.

Теннисшілер кортта 2 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина 14 эйс жасап, алты рет қос қателікке жол берді. Сондай-ақ ол алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Теннис федерациясының мәліметінше, жартылай финалда қазақстандық теннисші әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Коко Гауффпен кездеседі.