Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына алғаш рет шықты
Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына алғаш рет шығып, Наоми Осаканы 6:1, 6:4 есебімен жеңді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатында тағы бір жеңіске жетті. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші төртінші айналымда жапониялық Наоми Осакамен кездесті. Осака әлемнің 13-ракеткасы және US Open турнирінің екі дүркін чемпионы.
Матч екі сетке созылып, Рыбакина 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Елена жеті эйс жасап, бір қосарланған қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Сондай-ақ қазақстандық спортшы өз геймін қарсыласына бірде-бір рет бермеді.
Рыбакина мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты. Келесі матчта ол Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен кездеседі.
Чжэнді жеңген жағдайда Рыбакина қарсыластарының нәтижесіне қарамастан, әлемнің бірінші ракеткасы атануына кепілдік алады.




