Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Рудныйда полиция Түркия азаматын ауруханаға жеткізді

Рудныйда полиция Түркия азаматын ауруханаға жеткізді
Сурет: aikyn.kz

Рудный қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында денсаулығы нашарлаған Түркия азаматын жедел түрде ауруханаға жеткізді. Бұл оқиға Топорков көшесіндегі автотұрақта болған.

Polisia.kz-тің мәліметінше, Ресейге транзитпен жүк көлігімен бара жатқан Түркияның екі азаматы демалу үшін тоқтаған. Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Нұрсұлтан Мұхамеджанов пен Дамир Қойшыбаев оларды байқап, жанынан өткенде шетел азаматтары көмек сұрап, қол бұлғаған.

Полицейлер тоқтап, мән-жайды анықтаған кезде жүк көлігі жүргізушілерінің бірінің жағдайы күрт нашарлағаны белгілі болды. Ер адам тыныс алуы қиындағанын айтып, ауруханаға жеткізуді өтінген.

Полиция қызметкерлері ер адамды дереу Рудный қаласының қабылдау бөліміне жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды. Медицина қызметкерлері шетел азаматына қажетті көмек көрсетті.

Жағдайы қалыпқа келгеннен кейін Түркия азаматтары полиция қызметкерлеріне жедел көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.