«Роза Бағланова» мюзиклі Астанада сахналанды
Астанада «Қазақконцерт» ұйымында «Astana Musical» театрының «Роза Бағланова» мюзиклі сахналанды.
Астанадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Astana Musical» мемлекеттік театрының «Роза Бағланова» мюзиклі қойылды.

Қойылым көрнекті әнші Роза Бағланованың өмірбаяны мен сахнадағы табыстарына арналған. Оның шығармашылық жолы мен ізденісі музыкалық нөмірлер, сахналық көріністер және сол кезеңнің әндері арқылы жеткізіледі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, мюзикл Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен XVII халықаралық мюзикл фестивалінде «Үздік шетелдік мюзикл» және «Үздік әйел бейнесі» аталымдары бойынша екі марапатқа ие болды.
Қойылымның режиссері – «Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин, композиторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Артур Оренбургский.




