Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылды

Ресейлік блогер Ксения Гузаева Қазақстан туралы даулы пікірлері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылды.

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылды
Сурет: baq.kz

Астана полициясының мәліметінше, әлеуметтік желілерді бақылау барысында шетелдік азаматшаның тікелей эфир кезінде арандатушылық сипаттағы және әдеп нормаларына қайшы пікірлер айтқаны анықталған.

Әлеуметтік желіде Fassoollka лақап атымен танылған ресейлік стример Ксения Гузаева Қазақстанға қатысты даулы пікірлерінен кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.

Атап айтқанда, блогердің Қазақстан мен Павлодарға қатысты мәлімдемелері әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен.

Сот шешімі бойынша Ксения Гузаеваға айыппұл салынды. Бұдан бөлек, оны Қазақстан аумағынан шығару жөнінде тиісті шаралар қабылданған.

Сондай-ақ заң талаптарына сәйкес ресейлік блогердің Қазақстанға қайта кіруіне бес жылға тыйым салынды.

Полиция Қазақстанның шетел азаматтары мен қонақтар үшін ашық мемлекет екенін, алайда ел аумағында жүрген әрбір адамның заң талаптарын сақтап, Қазақстанға, оның азаматтарына және жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына құрметпен қарауы міндетті екенін еске салды.