Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қытайдың Цзянси провинциясында лай-тас көшкіні: 2 адам қаза тапты, 10 адам іздестірілуде

Қытайдың Цзянси провинциясында лай-тас көшкіні: 2 адам қаза тапты, 10 адам іздестірілуде
Сурет: baq.kz

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясында лай-тас көшкіні салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы он адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында тұр.

Қытай орталық телевизиясының хабарлауынша, сел 5 қыркүйек күні таңертең Цзиань қалалық округіне қарасты Суйчуань уезіндегі елді мекендердің бірінде жүрген.

Оқиға салдарынан сегіз үй толығымен қирап, тағы төрт үйге жеңіл зақым келген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар болған жағдайдың мән-жайын анықтап, із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуді жалғастыруда.