Құрылтай Төрағасының орынбасарлары мен комитет төрағалары сайланды
Құрылтай Төрағасының орынбасарлары мен сегіз тұрақты комитет төрағалары сайланды. Толық тізім осы мақалада.
Құрылтай депутаттары Төраға орынбасарларын ашық дауыс беру арқылы сайлады. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес, Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай орынбасарлыққа Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды. Депутаттар Спикердің бұл ұсынысын қолдады.
Сонымен қатар, Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары сайланды:
- Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті;
- Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті;
- Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;
- Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті;
- Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;
- Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитеті;
- Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті;
- Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті.




