Қазақстандық спортшылар Риекадағы әлем біріншілігінде іріктеуден өте алмады
Қазақстандық спортшылар Риекадағы әлем чемпионатында іріктеуден өте алмады.
Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды.
Жарыстың бір метрлік тұғырдан секіру (U18) іріктеу кезеңінде Илларион Авченко 357.25 ұпай жинап, 30-орынға, ал Эмиль Касимов 338.00 ұпаймен 34-орынға тұрақтады. Нәтижесінде екеуі де финалға жолдама ала алмады.
Ал үш метрлік тұғырдан секіруде (U15) Александр Подлесный 345.45 ұпаймен 22-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш іріктеуден өтуге жеткіліксіз болды.
ҚР ҰОК мәліметінше, 28 тамызда Александр Подлесный бір метрлік тұғырдан секіру сайысында бақ сынайды.




