Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстандық оқушылар FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026-да жүлделі орындарға ие болды

Қазақстандық оқушылар Бейжіңде өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026-да үш екінші, бес үшінші орын және 15 арнайы жүлде жеңіп алды.

Қазақстандық оқушылар FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026-да жүлделі орындарға ие болды
Сурет: aikyn.kz

Азия ашық чемпионаты FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 Бейжіңде өтіп, оған Қазақстаннан 23 команда қатысты. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Әлемнің 25 елі мен өңірінен 375 команда жиналған бәсекеде қазақстандық оқушылар үш екінші, бес үшінші орынға ие болып, 15 арнайы жүлде жеңіп алды.

Сурет: aikyn.kz

Екінші орынды Астана қаласындағы Harmony School-дің RoboRangers командасы, Семей қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінің SBIL·LION·AIRES командасы және Алматы қаласындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы мен №221 «Келешек» мектебінің KAZBOTS командасы иеленді.

Үшінші орынға Алматы қаласындағы «Айсаф» мектеп-гимназиясының Smart Sisters, Астана қаласындағы KERN School-дің TechnoKids, Алматы қаласының Медеу ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің StarDust, Щучинск қаласындағы «Білім-Инновация» IT лицей-интернатының FlashForce және Қарағанды қаласындағы «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицейінің ASTRIX командалары қол жеткізді.

Сурет: aikyn.kz

Арнайы жүлделерге Астана қаласындағы Haileybury Astana School-дің Nomadic Dragons Jr. West (Challenge Solution Award) және Nomadic Dragons Jr. East (Team Poster Award), Қызылорда қаласындағы №290 «Келешек мектебінің» OtAi (Coding Award), Орал қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің Einsteins (Team Poster Award), Талдықорған қаласындағы Future-IT робототехника мектебінің Future IT (Team Poster Award), Алматы қаласындағы LEAS оқу орталығының Bad guys (Coding Award), Орал қаласындағы Sana School-дің RoboDiggers (Coding Award), Павлодар қаласындағы «Сатурн» робототехника мектебінің Digital Nomads (Team Model Award), Алматы қаласындағы №213 «Келешек мектебінің» Saturn (Challenge Solution Award), Алматы қаласындағы №218 «Келешек мектебінің» Future Axions 218 (Core Values Award), Қарағанды облысындағы «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының Ancient T-Rex (Breakthrough Award), Алматы қаласындағы PhysTech School Almaty-дің PEAK (Robot Performance Award), Алматы қаласындағы Silicon Steppe School-дің Silicon Steppe (Outstanding Team Award), Алматы қаласының Медеу ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Orchid (Core Values Award) және Астана қаласындағы SKILLSET SCHOOL-дің SKILLSET (Core Values Award) командалары ие болды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазақстандық командалар робототехника, бағдарламалау, құрастыру және жобалық жұмыс бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетті. FIRST LEGO League — оқушылардың инженерлік, зерттеушілік және командамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған халықаралық білім беру бағдарламасы. Қазақстанда жыл сайын USTEM Foundation қоғамдық қоры Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 150-ден астам жарыс өткізеді.