Қазақстан мен Түркия реадмиссия келісіміне қол қойды
Қазақстан мен Түркия ішкі істер министрлері Түркістанда реадмиссия туралы келісімге қол қойды.
Астанада ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлерінің кездесуі барысында Қазақстан мен Түркия арасында реадмиссия туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Түркия Республикасының Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи қол қойды.

Қол қою рәсімі Түркістан қаласында өтті. Келісім екі елдің көші-қон саласындағы өзара іс-қимылының құқықтық негізін нығайтып, мемлекеттер аумағында болуға заңды негіздері жоқ адамдарды қайтару тәртібін айқындайды.

Келіссөз барысында Ержан Саденов пен Мұстафа Чифтчи екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Трансұлттық және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, іздестіру, көші-қон қауіпсіздігі, кадр даярлау және бейінді бөлімшелер арасындағы тікелей өзара іс-қимыл негізгі бағыттар ретінде белгіленді.

«Қазақстан мен Түркияны бауырластық қарым-қатынас пен өзара сенімнің жоғары деңгейі байланыстырады. Бүгінде бұл біздің ведомстволар арасындағы нақты өзара іс-қимылдан да көрініс табуда. Қол қойылған келісім – ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір нақты қадам», – деп атап өтті Ержан Саденов.
Тараптар алдағы уақытта да бөлімшелер арасындағы тікелей байланысты дамытып, тәжірибе алмасуға және қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша бірлескен жұмысты күшейтуге уағдаласты.




