Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетикадағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетика саласындағы ынтымақтастықты, ОПЕК+ аясындағы өзара іс-қимылды және жасыл технологияларды талқылады.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетикадағы ынтымақтастықты талқылады
Сурет: aikyn.kz

Энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, «ОПЕК+» аясындағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары, жаңартылатын энергия көздерін дамыту және заманауи «жасыл» технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Ерлан Ақкенженов Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы энергетикалық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, әлемдік энергетика нарығын дамыту мәселелері бойынша тұрақты диалог пен ұстанымдарды үйлестірудің маңыздылығына тоқталды.

Ерекше назар Эр-Риядта өтетін Дүниежүзілік мұнай кеңесінің алдағы конгресіне аударылды. Қазақстан Конгресті басым жобаларды ілгерілету, іскерлік байланыстарды кеңейту және мұнай-газ саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаң ретінде қарастырады.

Кездесу барысында Қазақстанның 2028 жылы Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің кезекті конгресін өткізуге дайындалып жатқаны да атап өтілді. Тараптар іс-шараны дайындау және өткізу барысында тығыз өзара іс-қимыл жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар мемлекетаралық өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселелерін де талқылап, энергетикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша энергетика саласындағы әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды.