Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +7° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Президент «Самұрық-Қазына» қорының есебін тыңдады

Президент «Самұрық-Қазына» қорының есебін тыңдады
Сурет: aikyn.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Кездесу барысында қордың қызметі, негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің орындалуы, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы туралы есеп тыңдалды.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2026 жылы қор 3,2 триллион теңгенің инвестициялық жобаларын түйіндеуді жоспарлап отыр. Олардың қатарында Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерін салу, Алтынкөл – Жетіген мен Бейнеу – Маңғыстау учаскелерін жаңғырту, Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын тұрғызу, Алматыдағы екінші жылу электр орталығын жаңғырту, Түркістан облысында бу-газ қондырғысы мен гибридті электр стансасын салу бар.

Сонымен қатар Астанадағы деректерді өңдеу орталығының құрылысы мен Каспий теңізінің табанына талшықты-оптикалық байланыс желісін төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қор басшысы инвестициялық портфель жөнінде де мәлімет берді. 2027-2029 жылдары энергетика, мұнай-газ секторы, көлік және цифрлық инфрақұрылым салаларында 21 триллион теңгеге 38 жобаны іске асыру көзделуде.

Сондай-ақ әлеуметтік жобалардың орындалуы баяндалды. Медициналық және әлеуметтік нысандар салуға басымдық беріліп, мүгедектігі бар балаларға арналған 55 орталық пен 46 инклюзия кабинеті ашылған. Спорттық және білім беру инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылуда.

Кездесу соңында Президент қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.