Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Президент Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтты

Мемлекет басшысы Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтып, халық аманатына адал болуға шақырды.

Президент Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктелетінін айтты
Сурет: aikyn.kz

Мемлекет басшысы бүгін бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында сөз сөйлеп, Құрылтайдың алғашқы құрамына жүктелген жауапкершіліктің ерекше екенін атап өтті.

«Жалпы, Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шығармау қажет», – деді Президент.

Оның айтуынша, қазіргі таңда еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, Қазақстан жаңа өрлеу кезеңіне қадам басты. Биыл еліміздің болашағы үшін мән-маңызы зор көптеген тарихи оқиғалар болды.

«Халқымыз аз уақыт ішінде бір ұлт болып көп жұмыс атқарды. Елімізде жалпыұлттық референдум арқылы ауқымды конституциялық реформа табысты жүзеге асырылды. Осылайша, біз нағыз Халық Конституциясын қабылдадық», – деді Мемлекет басшысы.

Президент жаңа Конституцияның күшіне енуін төл тарихымыздағы аса маңызды бетбұрыс деп бағалауға болатынын айтты. Соның нәтижесінде өсіп-өркендеуге жол ашатын мықты заңды негіз қалыптасқан.

«Қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп бере алатын мүлде жаңа саяси-құқықтық жүйенің іргетасы қаланды. Бұл жүйе мемлекет құрылымын толық жаңғыртып, билік институттарының тиімділігін арттырады, сондай-ақ азаматтарымыздың ел басқару ісіне атсалысуына нақты мүмкіндік береді», – деді ол.