Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +11° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Президент 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің басымдықтарын белгіледі

Ақордада өткен кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің басымдықтарын, оның ішінде әлеуметтік нысандар құрылысын…

Президент 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің басымдықтарын белгіледі
Сурет: inform.kz

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономиканы дамыту және бюджетті жоспарлау мәселелері жөнінде кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров және Қаржы министрі Мәди Тәкиев қатысты.

Президентке экономиканың ағымдағы жағдайы баяндалып, 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары мен республикалық бюджет параметрлері туралы мәлімет ұсынылды.

Талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізу, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің негізгі басымдықтарының бірі – аурухана, балаларды оңалту орталығы, мәдениет және спорт ғимараттары секілді инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар құрылысын жеделдету екенін айтты.