Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Премьер-лиганың кезекті турында төрт команда жеңіске жетті

Премьер-лиганың кезекті турында төрт команда жеңіске жетті
Сурет: aikyn.kz

Қазақстан Премьер-лигасында кезекті турдың төрт матчы өтіп, «Оқжетпес», «Ақтөбе», «Атырау» және «Қайрат» командалары үш ұпайдан иеленді.

Көкшетауда өткен кездесуде «Оқжетпес» «Ордабасыны» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Матчтың 14-минутында Берн Йонсен қонақтарды алға шығарған еді. Екінші таймда Нұрғайни Бөрібаев есепті теңестірді, ал 82-минутта Леонарду де Ассунсау алаң иелеріне жеңіс әперді.

«Ақтөбе» өз алаңында елордалық «Жеңіске» қарсы ойнап, 1:0 есебімен басым түсті. Жалғыз голды Артур Шушеначев соқты.

Петропавлда «Атырау» «Қызылжардан» 1:0 есебімен үш ұпайды тартып алды. Кездесу тағдырын шешкен гол 87-минутта соғылды, Риливан Ойиндамола Рабиу атыраулықтарды қуантты.

Алматылық «Қайрат» Ақтауда «Каспийге» қарсы ойында 3:0 есебімен ірі жеңіске жетті. Олжас Байбек 4-минутта есеп ашса, Эдмилсон 41-минутта есепті еселеді. 61-минутта Александр Мрынский матчтың нүктесін қойды.