Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 қазан 2026, сенбі USD 453,9 EUR 508,7 RUB 5,35 CNY 67,8 Астана +8° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Пияз, қант, алма және картоп бағасы бір аптада төмендеді

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 7 қазандағы жағдаймен бір апта ішінде пияз, қант, алма, картоп және сәбіздің бағасы төмендеді.

Пияз, қант, алма және картоп бағасы бір аптада төмендеді
Сурет: aikyn.kz

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 7 қазандағы жағдаймен бір апта ішінде бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандады. Пияз 4 пайызға, қант 2,6 пайызға, алма 1,8 пайызға, картоп 1 пайызға және сәбіз 0,8 пайызға төмендеген. Сонымен қатар балық 0,3 пайызға, қаймақ, ет фаршы мен күріш 0,2 пайызға арзандады.

Ал ұн, нан, сүйексіз сиыр еті, қой еті және тауық етінің бағасы өзгерген жоқ.

Өңірлер бойынша азық-түлік бағасының төмендеуі Атырауда байқалды: әлеуметтік маңызы бар өнімдердің жалпы бағасы 0,3 пайызға арзандаған. Түркістан мен Ақтауда бұл көрсеткіш 0,1 пайызды құрады. Ал Астана, Алматы, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Павлодар, Талдықорған және Тараз қалаларында бағалар бұрынғы деңгейде сақталған.

Бюро жекелеген өнімдердің орташа бағасын да жариялады. Қазақстан бойынша пияздың бір килограмы орта есеппен 133 теңге тұрады, ең арзаны Талдықорғанда – 108 теңге. Қанттың орташа бағасы 435 теңге, ал Ақтөбеде оның килограмы 368 теңгеден сатылған.

Алманың республика бойынша орташа бағасы 699 теңге, ең төмен баға Шымкентте – 494 теңге. Қиярдың орташа бағасы 536 теңге болса, Түркістанда оның килограмы 346 теңге, Таразда 414 теңге тұрады.

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 31 түрлі өнім енгізілген, олардың бағасы апта сайын бақыланады.