Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Петропавлда тұрғын үйден шыққан өрт кезінде әйел құтқарылды

Петропавлда тұрғын үйден шыққан өрт кезінде әйел құтқарылды
Сурет: aikyn.kz

Петропавлдағы Островский көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт болып, оқиға орнына келген құтқарушылар ғимарат ішінен әйел адамды алып шықты.

Өрт сөндірушілер үй ішінен әйелді тауып, оны қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқарылған әйелдің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда, ол ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Өртті сөндіру барысында үйден үш газ баллоны сыртқа шығарылды. Сонымен қатар, жалынның көршілес үйге таралуына жол берілмеді.

Алдын ала болжам бойынша, өрт пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы салдарынан орын алған.