Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
11 тамыз 2026, сейсенбі USD 469,9 EUR 541,6 RUB 5,71 CNY 69,7 Астана +25° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлады

Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлады
Сурет: baq.kz

Петропавлдағы қонақүйлердің бірінде бес жасар бала екінші қабат терезесінен құлап кетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Оқиға өткен демалыс күндері болған. Бала ата-анасымен бірге қонақүйде тұрған. Отбасы басқа өңірден Солтүстік Қазақстан облысына келген.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сондай-ақ оқиға кезінде ересектердің қай жерде болғаны тексерілуде.

Жедел жәрдем қызметкерлері баланы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиеваның айтуынша, балаға бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Сонымен қатар оның оң жақ саны, балтыры мен табанында соғылған жерлер мен гематомалар бар.

Қазір ол төсектік режимде жатыр, ем хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Әзірге хирургиялық араласу қажет болған жоқ. Егер жағдайға байланысты қажеттілік туындаса, ота жасалады, – деді Гүлнар Қалиева.

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында балалардың терезеден құлауы бойынша 10 жағдай тіркелген.