Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Petrobras Амапа жағалауында көмірсутек қорын тапты

Petrobras Бразилияның Амапа штаты жағалауындағы шельфтен көмірсутек қорын анықтады.

Petrobras Амапа жағалауында көмірсутек қорын тапты
Сурет: baq.kz

Бразилияның Petrobras мұнай-газ компаниясы елдің солтүстігіндегі Амапа штаты жағалауындағы шельфтен көмірсутек қорын анықтады. Бұл туралы Prime агенттігі хабарлады.

Көмірсутек бар екені Фос-ду-Амазонас бассейніндегі FZA-M-59 блогында жүргізіліп жатқан барлау жұмыстары кезінде анықталған. Бұл аумақ Бразилияның экваторлық жағалауында орналасқан.

Morpho (1-BRSA-1405-APS) деп аталатын ұңғыма Амапа штатының жағалауынан шамамен 175 шақырым қашықта, 2886 метр тереңдікте орналасқан.

Petrobras мәліметінше, қазіргі уақытта кен орнын бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Компания жұмыстардың экологиялық және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Компания FZA-M-59 блогындағы барлау жұмыстары мұнай мен газ қорын толықтыру стратегиясының бір бөлігі екенін мәлімдеді. Бұл Бразилияның энергетикалық жүйесі жаңартылатын энергия көздеріне кезең-кезеңімен ауысып жатқан кезеңде елдің энергияға деген сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған.