Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +18° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Павлодар облысында 800 келі саз балшық заңсыз өндірілді

Павлодар облысында полиция 800 келі саз балшықты заңсыз қазып алған тұрғынды анықтады. Факт «Таза Қазақстан» рейді кезінде ашылды.

Павлодар облысында 800 келі саз балшық заңсыз өндірілді
Сурет: baq.kz

Павлодар облысының Май ауданында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның 800 келі саз балшықты заңсыз қазып алғанын анықтады. Бұл факт «Таза Қазақстан» бастамасы аясында өткізілген рейдтік шаралар кезінде ашылды.

Полиция саз балшық тиелген УАЗ автокөлігін тоқтатқан. Көліктен шамамен 800 келі саз балшық табылған. Тексеру барысында Ақшиман ауылдық округінің тұрғыны жеке қажеттілігі үшін балшықты өз бетінше қазып алып, көлікке тиегені белгілі болды.

Аталған оқиға бойынша полиция тиісті материалдарды жинақтап, заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолдады.

Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, табиғи ресурстарды өз бетінше өндірмеуге, ал жер қойнауы мен жер учаскелерін пайдалануға байланысты жұмыстарды бастамас бұрын қажетті рұқсаттардың бар-жоғын алдын ала тексеруге шақырады.

«Заң мен тәртіп» қағидаты ішкі істер органдары қызметінің негізгі ұстанымдарының бірі болып қалады. Ол азаматтардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Заң бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.