Отандық бронетехника: Kazakhstan Paramount Engineering зауыты не шығарады
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Barys Dynamics компаниялар тобына кіретін Kazakhstan Paramount Engineering кәсіпорнына барды.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Barys Dynamics компаниялар тобына кіретін Kazakhstan Paramount Engineering кәсіпорнына барды.
Кәсіпорын басшысы Айбек Барыс қорғаныс мақсатындағы өнімдерді әзірлеу мен өндірудің толық кезеңін қамтамасыз ететін кәсіпорындар тобының жұмыс нәтижелерін таныстырды.
Холдинг құрамына Kazakhstan Paramount Engineering (бронетехника), WSE (электрондық-оптикалық жүйелер, РЛС және байланыс құралдары), WireTech (электроника және электр жүйелері), сондай-ақ Barys Dynamics School инженерлік мектебі кіреді. Бұдан бөлек, холдинг XCMG компаниясымен бірлесіп жүк және арнайы техника зауытын салу бойынша Barys Truck Manufactury стратегиялық жобасын және Қазақстанда жоғары энергетикалық материалдарды өндіру бойынша ASPAN Great Sky жобасын жүзеге асыруда.
Нұрлыбек Нәлібаев заманауи бронедөңгелекті машиналарды дайындаудың толық өндірістік кезеңімен, яғни металл өңдеу мен бронекапсулаларды жасаудан бастап, сынақтар үшін қорытынды құрастыруға дейін танысты. Кәсіпорын Arlan және Alan-2 машиналарын, Barys (4×4, 6×6, 8×8) ББМ тобын және перспективті Terrex–Barys-A 8×8 платформасын шығарады. Зауыттың ағымдағы қуаттылығы жылына 500 бірлікке дейін техника шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнге дейін 400-ден астам машина өндірілді, ал 2028 жылға дейінгі тапсырыс портфелі 224 бірлікті құрайды.
Жеке конструкторлық бюроның құрылуы және 100-ден астам қазақстандық инженерлердің шетелде дайындықтан өтуі маңызды жетістік болғанын атап өткен жөн, бұл елімізде бронетехниканы жобалауда қажетті құзыреттіліктер береді.
Сертификаттау сынақтарымен, әскерлік пайдаланумен және БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бейбітшілік миссиясына қатысумен расталған өнімнің беріктігіне ерекше назар аударылды, бұл ретте 10 жылдық пайдалану кезеңінде елеулі ақаулар тіркелмегенін атап өткен жөн.
Сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасарына роботизацияланған платформалар, жергілікті өндіріс деңгейі 70 пайыздан асатын байланыс құралдары мен РЛС саласындағы перспективалы әзірлемелер, қорғаныс-өнеркәсіп кешені үшін мамандандырылған электроника шығару жобалары және инженерлік-білім беру орталығының жұмысы таныстырылды.
Дереккөз: PrimeMinister.kz




