Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
16 қазан 2026, жұма USD 454,1 EUR 509,2 RUB 5,41 CNY 67,9 Астана -1° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Өскемендегі студенттер жатақханасында өрт шықты

Өскемендегі студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатында өрт шығып, 16 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Өскемендегі студенттер жатақханасында өрт шықты
Сурет: baq.kz

Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан студенттер жатақханасының тоғызыншы қабатындағы бір бөлмеде өрт орын алды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Өрт 16 шаршы метр аумақты қамтыған. Жатақхана әкімшілігі студенттерді эвакуациялауды ұйымдастырды.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынның басқа бөлмелерге таралуына жол бермей, өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және электр құрылғыларын қараусыз қалдырмауды ескертті. Өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.