Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Оралдағы қылмыс: пышақ жарақатынан қаза тапқан адамның өліміне қатысты үкім шықты

Оралдағы қылмыс: пышақ жарақатынан қаза тапқан адамның өліміне қатысты үкім шықты
Сурет: aikyn.kz

Оралда танысын пышақтап өлтіргені үшін сотталған ер адамның жазасы өзгеріссіз қалды. Кассациялық сот оның өзін-өзі қорғау туралы уәжін негізсіз деп танып, бес жылдық бас бостандығынан айыру жазасын күшінде қалдырды.

Іс құжаттарына сәйкес, алғашқы сот отырысында ер адам кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылған. Кейін апелляциялық саты да бұл үкімді өзгеріссіз қалдырған.

Сотталған азамат кассациялық шағымында жанжалдың бастамашысы марқұм болғанын, оның алдымен пышақпен шабуыл жасағанын, ал өзі қорғану кезінде ғана пышақты тартып алып, бірнеше рет соққы жасағанын мәлімдеген.

Алайда кассациялық сот бұл нұсқаны растайтын дәлелдер таппады. Сот анықтағандай, ер адам мас күйінде танысына кемінде 10 рет қасақана пышақ сұққан. Жәбірленуші көп қан жоғалтып, алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Сонымен қатар, сот марқұмның шабуыл кезінде қарсылық көрсетпегенін анықтады. Оқиға орнынан табылған пышақ пен қан іздері, сот сараптамалары мен куәгерлердің жауаптары сотталғанның өзін-өзі қорғағаны туралы айтқандарын растамаған.

Кассациялық сот ер адамның әрекетін Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі бойынша саралауды дұрыс деп танып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын өзгеріссіз қалдырды.