Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Оралда полиция көліктен 400 литрге жуық заңсыз алкоголь тәркіледі

Оралда полиция автокөліктен 400 литрге жуық заңсыз алкоголь өнімдерін тәркіледі. 83 дана алкоголь табылып, материалдар тиісті органдарға жолданды.

Оралда полиция көліктен 400 литрге жуық заңсыз алкоголь тәркіледі
Сурет: aikyn.kz

Орал қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері автокөліктерді тексеру кезінде көліктердің бірінен алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Тексеру барысында автокөліктен 5 литрлік 70 бөтелке, 1 литрлік 1 бөтелке, 0,5 литрлік 12 бөтелке және басқа да алкоголь өнімдері табылды.

Барлығы 83 дана алкоголь өнімі тәркіленіп, олардың жалпы көлемі 400 литрге жуық болды.

Жинақталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды сақтау мен өткізуге қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.