Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Нұрлыбек Нәлібаев ExxonMobil компаниясымен стратегиялық мұнай газ жобаларын дамытуды талқылады

Нұрлыбек Нәлібаев ExxonMobil компаниясымен стратегиялық мұнай газ жобаларын дамытуды талқылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «ExxonMobil» компаниясының халықаралық үкіметтік қатынастар жөніндегі аға директоры Юрия Киммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың ағымдағы мәселелері және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективалары қаралды.

Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде көмірсутектерді өндіру, экспорттық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға және ынтымақтастықтың белгіленген бағыттарын пысықтауға дайындық расталды.

Бұған дейін Нұрлыбек Нәлібаев «Алматы-1» вокзалының былтыр наурыз айында басталған қайта жаңғырту барысын тексерді.