Нұрасыл Асамбек U20 әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Братиславада өтіп жатқан күрестен U20 әлем чемпионатында қазақстандық Нұрасыл Асамбек қола медаль жеңіп алды.
57 келіге дейінгі салмақ додасында отандасымыз үшінші орын үшін белдесуде Өзбекстан өкілі Улугбек Рашидовты айқын басымдықпен ұтып, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ал 92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали қола медаль үшін өткен белдесуде америкалық Джеймс Мастниге есе жіберді.
Бұған дейін Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленген болатын.




