Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды

Назым Қызайбай «Қазақстан Республикасының Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі төсбелгісін алды.

Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды
Сурет: aikyn.kz

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбайға жоғары мемлекеттік спорттық марапат табысталды. Ол ҚР ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасының мүшесі.

Салтанатты шара Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық комитетінде Спорт күніне орай өтті. Онда спортшыға «Қазақстан Республикасының Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» I дәрежелі төсбелгісі берілді.

Бұл марапат оның көп жылғы еңбегі мен жоғары жетістіктерін, сондай-ақ отандық спортты дамытуға және елдің халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесін көрсетеді.

Назым Қызайбай — қазақстандық бокстың көшбасшыларының бірі. Ұлттық ұлан сапында өнер көрсетіп, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүр. Оның жетістіктері жас спортшыларға үлгі болып, оларды биік белестерге жетелейді.

Сол күні онымен бірге басқа да боксшылар мен жаттықтырушылар марапатталды.