Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Mudarabah Capital ісі бойынша айыпталған вайнер кешірім сұрады

Mudarabah Capital ісі бойынша айыпталған вайнер кешірім сұрады
Сурет: aikyn.kz

Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты істе айыпталған вайнер Мейіржан Төребаев Майя Бекбаеваға сұхбат берді. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

Ол қаржы пирамидасын жарнамалаған кезде ешқандай жаман ниеті болмағанын жеткізді. Сонымен қатар пирамидаға ақша салған адамдардан кешірім өтінді.

«Жарыссөзде де кешірім сұрағанмын. Қазір де салымшылардан шын жүректен кешірім сұрағым келеді. Арам ойым болған жоқ, осылай болғаны өте өкінішті», – деді вайнер.

Ол бес жылға бас бостандығынан айырылған кезде анасы қатты қобалжығанын айтты. Сондай-ақ қиын сәтте қолдау көрсеткен жұбайына алғыс білдірді.