Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
10 қазан 2026, сенбі USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +4° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Меруерт Өтекешоваға 75 жасқа орай төрт қабатты торт жасалды

Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына отандық кондитер үйі төрт қабатты торт жасады. Оны әзірлеуге 13 күн жұмсалған.

Меруерт Өтекешоваға 75 жасқа орай төрт қабатты торт жасалды
Сурет: aikyn.kz

Халық әртісі Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына орай отандық кондитер үйі ерекше сый жасады. Аспаздар өнер иесіне арнап төрт қабатты торт әзірледі.

Тортты дайындауға 13 күн жұмсалған. Онда театр сахнасы бейнеленіп, Меруерт Өтекешованың суреттері орналастырылған.

«Қазақтың Қыз Жібегіне қуаныш сыйлауды қаладық. Ал бұл видеода сол қуаныштың артындағы жұмыс. Қазақтың Қыз Жібегі — Меруерт Өтекешоваға арналған тортымыз осылай дайындалды. Идеядан бастап соңғы безендіруге дейін кондитерлеріміз бар шеберлігі мен ықыласын салды. Әр бөлшекті дайындап, безендіріп, бәрін бір туындыға біріктіру командамыз үшін ерекше жұмыс болды», — делінген жазбада.

Актриса тосынсыйды көргенде таңданып, ерекше әсер алған. Өнер иесі шеберлерге алғыс білдірді.

https://www.instagram.com/reel/DePCw91yS5Y/