Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
20 тамыз 2026, бейсенбі USD 462,2 EUR 536,5 RUB 5,43 CNY 68,6 Астана +19° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіру: 50% үлесі бар азаматтарға рұқсат

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіру қағидалары өзгерді. Енді 50% үлесі бар азаматтар да баспананы жекешелендіре алады.

Мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіру: 50% үлесі бар азаматтарға рұқсат
Сурет: inform.kz

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру қағидаларына өзгерістер енгізілді. ҚР Үкіметінің тиісті қаулысы 2026 жылғы 14 тамызда қабылданды.

Жаңа ережелерге сәйкес, заңда басқа жағдай қарастырылмаса, Қазақстан азаматтары ел аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана баспананы жекешелендіруге құқылы.

Бұрын жекешелендірілген баспана енді барлық жағдайда жаңадан жекешелендіруге кедергі бола бермейді. Атап айтқанда, 2024 жылғы 4 желтоқсанға дейін купондық тетік арқылы немесе өзге тәсілмен жекешелендірілген тұрғын үй мемлекеттік баспананы жекешелендіруге кедергі келтірмейді.

Сонымен қатар, негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғын үйде 50% немесе одан аз үлесі болса, ол кейін мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру құқығын пайдалана алады.

Осылайша, өзгерістер бұрын жекешелендірілген баспана немесе ондағы үлес мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіруге кедергі келтірмейтін жағдайларды нақтылайды. Қаулы 2026 жылғы 28 тамыздан бастап күшіне енеді.