Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Мемлекет пәтер ақысының жартысын өтейді: кімдер субсидия ала алады

Қазақстанда жалдамалы баспанаға субсидия алатын отбасылар саны 11 мыңнан асты. Мемлекет жалдау ақысының 50%-ын өтейді, қалғанын алушы төлейді.

Мемлекет пәтер ақысының жартысын өтейді: кімдер субсидия ала алады
Сурет: inform.kz

Қазақстанда жалдамалы баспанаға субсидия алатын отбасылар саны 11 мыңнан асты. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: inform.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған пәтерлер мен үйлердің жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидалары қолданылады. Бағдарламаның операторы — «Отбасы банкі» АҚ.

Сурет: inform.kz

Атаулы көмек қағидаты азаматтардың ортақ жауапкершілігін көздейді: жалдау ақысының 50%-ы мемлекеттік субсидия есебінен өтелсе, қалған 50%-ын алушы өз қаражаты есебінен төлейді.

Сурет: inform.kz

2022 жылдан бері 45 514 отбасы субсидия алған. 34 246 алушымен жасалған шарт мерзімінен бұрын бұзылған: 20 424 отбасы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйге ие болған, ал 13 822 отбасымен жасалған шарттар қағида талаптарын сақтамауына байланысты бұзылған. Қазіргі уақытта субсидия алушылар саны 11 268 отбасын құрайды.

— Мұндай қолдауға мынадай санаттағы азаматтар үміткер бола алады: бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар. Бұл ретте отбасының әрбір мүшесінің соңғы 6 айдағы жиынтық табысы күнкөріс минимумының 1 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Сондай-ақ санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрғанын растау қажет. Субсидия төлемдерін алу үшін өтінім «Отбасы банкі» АҚ-ның ресми сайты арқылы беріледі, — деп түсіндірді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Тұрғын үй қатынастары басқармасының басшысы міндетін атқарушы Дәубек Керімбаев.

Өтінім беру барысында тұрғын үйді жалға берушінің келісімін ЭЦҚ арқылы растауы талап етіледі. Барлық талап орындалған жағдайда «Отбасы банкі», субсидия алушы және жалға беруші арасында үшжақты шарт жасалады. Субсидиялар мемлекет тарапынан шартта белгіленген күнге сәйкес уақтылы төленеді.