Мемлекет басшысы Құрылтайда вице-президент пен премьер-министр лауазымдарына кандидаттарды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында Конституцияның 46-бабына сәйкес вице-президент пен премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды ұсынды. Бұл кандидатуралар Құрылтай депутаттарымен келісілді.
Президенттің айтуынша, вице-президент мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды рөл атқарады. Ол билік тармақтары арасындағы теңгерімді қамтамасыз етіп, Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істейді, сондай-ақ Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді жүзеге асырады.
Вице-президент лауазымына Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасы ұсынылды. Қасым-Жомарт Тоқаев оны елге танымал, мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеген, тәжірибелі және отаншыл азамат деп сипаттады. Президент Қариннің ауқымды реформаларды сапалы іске асыруға белсенді атсалысқанын, мемлекеттің стратегиялық бағдары мен даму жоспарын жақсы түсінетінін атап өтті.
«Сондықтан Ерлан Тынымбайұлы Қаринді осы лауазымға лайық деп есептеймін. Құрылтайдан бұл кандидатураны қолдауды сұраймын», – деді Мемлекет басшысы.




