Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Маңғыстау вокзалында пойызға отырмақ болған жолаушы қайтыс болды

Маңғыстау вокзалында №613 пойызға отырмақ болған жолаушы қайтыс болды. Алдын ала диагноз — өкпе артериясының тромбоэмболиясы. Тергеу басталды.

Маңғыстау вокзалында пойызға отырмақ болған жолаушы қайтыс болды
Сурет: aikyn.kz

Маңғыстау теміржол вокзалында жолаушы пойызға отырар алдында қайтыс болды. Бұл оқиға 3 қыркүйекте болды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлауынша, №613 пойызға міну үшін келген ер адам вагон маңында кенеттен өзін нашар сезінген. Пойыз қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер жолаушының өлгенін растады. Осыған байланысты пойыз жоспарланған уақыттан кешіктіріліп жөнелтілді.

Көлік полициясы департаменті қайтыс болған жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша, өлім өкпе артериясының тромбоэмболиясынан болған.