Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +5° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Магистратура гранттарының қорытындысы 24 тамызда жарияланады

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысын 24 тамызда сағат 15:00-де жариялайды.

Магистратура гранттарының қорытындысы 24 тамызда жарияланады
Сурет: baq.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026–2027 оқу жылына арналған магистратураға мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия отырысының өткенін хабарлады. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.

Комиссия құрамына министрлік, мүдделі мемлекеттік органдар, білім саласындағы кәсіподақтар, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енді. Отырыс барысында үміткерлердің өтініштері қаралып, гранттар қолданыстағы ережелерге сәйкес конкурстық негізде тағайындалды.

Биыл конкурсқа қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық. Үміткерлер арасында «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», сондай-ақ «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттары ерекше сұранысқа ие болды.

Конкурстық іріктеу қорытындысы 24 тамызда сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.