Қызылордада көпқабатты үйде өрт болып, екі адам эвакуацияланды
Қызылорда қаласындағы Қазантаев көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама 112 пультіне түскен.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына келген кезде тұрмыстық заттар мен терезе құрылымының жанғаны анықталған.
Құтқарушылар тұрғын үйден екі адамды эвакуациялады. Өрт шағын аумақта жедел сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.




