Негізгі мазмұнға өту
Шұғыл
9 қазан 2026, жұма USD 448,9 EUR 502,1 RUB 5,26 CNY 67,0 Астана +6° ҚАЗ РУС Іздеу
Ақпараттық портал
Жарнама

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы тағы үш медаль жеңіп алды: алтын, күміс және қола. Жалпы жүлде саны 58-ге жетті.

Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті
Сурет: aikyn.kz

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы тағы үш жүлдеге ие болды. Бүгін ел спортшылары бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

300 шақырымдық ат жарысында қазақстандық шабандоздар үздік шықты. Ержан Ернар, Төлебай Жарас, Ыдырыс Жақсылық, Реимбай Қанат және Есен Ахмет төрт күнге созылған бәсекеде бірінші орынды иеленді. Бұл сында екінші және үшінші орындар Қырғызстан өкілдеріне бұйырды.

Жамбы атудан Аружан Ықсан «мажар» стилінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл сайыста спортшылар ат үстінде шауып келе жатып нысанаға садақпен жебе атады. Ал Қазақстан құрамасы Ордо (асық ату) спортынан қола жүлдегер атанды. Бұл сында Қырғызстан жеңіске жетсе, АҚШ құрамасы екінші орын алды.

Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан спортшыларының жалпы жүлде саны 58-ге жетті. Оның 26-сы – алтын, 14-і – күміс, 18-і – қола медаль.